Менеджмент жүйесі

Компанияның біріктірілген менеджмент жүйесі (БМЖ) ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 31000 халықаралық стандартттары, СТ РК ISO 9001, СТ РК ISO 9004, СТ РК ISO 50001 мемлекеттік стандартттары және EFQM жетілу моделі әдістемесінің негізіде құрылған. Компанияның БМЖ құру негізінде сапа менеджменті, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, менеджмент тәуекелі, энергияны үнемдеу және қуат тиімділігін арттыру, әлеуметтік корпоративтік жауапкершілік принциптері, сондай-ақ, EFQM моделінің іргелі концепциялары жатыр.

Компания қызметі мен процестерінің нәтижелілігі мен тиімділігіне мониторинг жасау және бақылау стратегиялық контроллинг (көрсеткіштердің тепе-теңдік қосалқы жүйесі (BSC), оперативті контроллинг қосалқы жүйесі, сондай-ақ тұтқалы қызметкерлердің тиімділік көрсеткіштерінің көмегімен жүргізіледі (KPI).

Бекітілген тәртіп бойынша менеджменттің қосалқы жүйесінің сәйкестік сертификациясына сыртқы бағалау жүргізіледі.

2013 жылдан бастап жыл сайын компанияның барлық деңгейінде «EFQM жетілу моделіне» сәйкестік бойынша өзін-өзі бағалау жүргізіледі.

2013 жылы компания Ұлттық сапа байқауына қатысып, «Қызметтер көрсететін үздік кәсіпорын» номинациясында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының иегері атанды. Бұл сыйлық компанияның бәсекелестігін арттыру жолында көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз етуде айтарлықтай жетістіктерге жеткендігінің дәлелі болып табылады. Компанияның сапаны басқарудың аса тиімді әдістерін қолдануы, халықаралық стандарттарды енгізуі, тұтынушылардың талап-тілектерін қанағаттандыру секілді нәтижелері байқауда жоғары ұпай жинауына негіз болды. 2013 жылы қазанда Бангкок қаласында компанияға Азиялық сапа ұйымының (Asia Network for Quality, ANQ, Bangkok) сапа менеджменті саласындағы үздік тәжірибесі мен жетістігі үшін жүлде табысталды. Азиялық сапа жүйесі тарихында (ANQ) тұңғыш рет қазақстандық компания қызмет көрсету саласындағы барлық ресми аттестаттау рәсімдерінен мүддірмей өтіп, Азия құрлығында лайықты марапатқа ие болды. 2013 жылдың қазан айында VIII Халықаралық сапа форумында «ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ корпоративтік басқару саласындағы жетістігі мен ұйымның бәскеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған инновацияны және креативтілікті дамытқаны үшін «Қазақстандық сапа көшбасшысы — 2013» дипломымен марапатталды.

2013 жылы компания Еуропалық сапа менеджменті қорының (EFQM) өзін-өзі бағалау тәжірибесін енгізіп, «Жетілуге ұмтылыс» («Committed to Excellence») жетілу-деңгейіне сәйкестік бойынша валидацидан өтті.