You are currently viewing Астананың жылу орталықтары табиғи газбен қамтылған

Астананың жылу орталықтары табиғи газбен қамтылған

Өткен демалыс күндері Энергетика министрлігі, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ және Астана қаласының басшылығы ел Астанасын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ететін орталықтарды аралады.

Бірінші нысан – Жылу Энергетикалық Орталығы-3 (ЖЭО-3). Орталық елорданың оң жағалауын, сондай-ақ сол жағалаудың бір бөлігін жылумен қамтамасыз етеді.

«ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы табиғи газ жеткізіп отырған тағы бір нысан – ЖЭО-2. Ол елорданың оң жағалауын жылумен қамтамасыз етуге және электр энергиясын өндіруге арналған.

2023 жылдың желтоқсан айында іске қосылған «Тұран» газ жылу станциясы Қорғалжын тас жолы мен Тұран даңғылының бойындағы үйлер мен нысандарды жылумен қамтамасыз етеді.

«Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясы да 2023 жылдың соңында іске қосылды, онда жылу қуаты сағатына 350 Гкал болатын 22 су жылыту қазандығы жұмыс істейді. Ол жаңа теміржол вокзалына дейінгі «Мыңжылдық» ауданын жылумен қамтамасыз етеді.