You are currently viewing Қазақстанда газдандыру оңайырақ болды: eGov.kz арқылы онлайн өтінімдер

Қазақстанда газдандыру оңайырақ болды: eGov.kz арқылы онлайн өтінімдер

Биылғы қазан айының басынан бастап Қазақстан азаматтары өздерінің тұрғын үйлері мен объектілерін газдандыру үшін техникалық шарттарды eGov.kz порталынан онлайн ала бастады.

EGov.kz порталындағы осы жаңа қызметтің іске қосылуы үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, Энергетика министрлігімен және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп жұмыс істеді.

Қысқа уақыт ішінде 250-ден астам азамат eGov.kz порталы арқылы техникалық шарттарды алуға өтінім берді. Барлық берілген өтінімдер «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалдарының Халыққа қызмет көрсету жөніндегі операциялық қызметтерінде тіркеледі және өңделеді. Бүгінгі таңда өтінімдердің көбі Қостанай (25), Түркістан (18) облыстарының, сондай-ақ Алматы (14) және Астана (10) қалаларының тұрғындарынан келіп түсті.

Онлайн-өтініш берушілердің бірі Тимур Оздоев осы қызметті пайдаланудағы оң тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша, жаңа бастама газдандыру процесін одан да қарапайым және қолжетімді етті.

«Мен қарапайым азамат ретінде eGov.kz осы қызметін пайдаландым, мұның тиімді жағын айтумен қатар, ыңғайлы екеніне алғыс айтқым келеді. Осы қызметтің арқасында тұрғындар өз уақытын үнемдеп, қажетті техникалық шарттарды оңай алады», – деп атап өтті Т.Оздоев.

Айта кетейік, жеке тұлғалар электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолданып, eGov.kz порталы арқылы газдандыруға қажетті техникалық шарттарды алуға, өз үйлерінен шықпай-ақ, өтінім бере алады. Техникалық шарттарды беруді қарастыру мен беру процесіне техникалық күрделі емес объектілер үшін 5 жұмыс күні және техникалық күрделі объектілер үшін 10 жұмыс күні кетеді.

EGov.kz порталында объектілерді және тұрғын үйлерді газдандыруға техникалық шарттарды алу үшін азаматтар бар болғаны бірнеше қарапайым әрекеттерді жасауы керек:

kz порталында жеке тіркеуден өту;
Байланыс телефонын және электронды почтаны көрсету;
Тұрғылықты мекенжайды таңдау;
Газдандыру объектісінің мекенжайын таңдау;
Техпаспорттың скан көшірмесін қоса тіркеу;
Газдандыру объектісі бойынша деректерді көрсету;
ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою;
Техникалық шарттардың берілетіні немесе берілмейтіні туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жауабын күту.

Бұл жаңа қызмет азаматтардың уақытын үнемдейді, бұрынғыдай кеңселерге бару мен қағаз құжаттарын толтырудың қажеті болмайды. Онлайн-сервис сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйлер мен объектілерді газдандырудың қолжетімділігін жақсартуға ықпал етеді.