You are currently viewing «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ: 2023 жыл қорытындысы

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ: 2023 жыл қорытындысы

Бүгінгі таңда 11 миллион 700 мың адамға табиғи газ қолжетімді. Биыл 91 793 жаңа абонент қосылды. Абоненттердің жалпы саны 2 миллион 418 мыңнан асты. 2023 жылы республика бойынша 107 елді мекен табиғи газға қосылды. Газ құбырларының ұзындығы 5 440 шақырымға ұлғайып, 69 156 шақырымға жетті.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жаңа корпоративтік сайты жасалып, іске қосылды.

Астана қаласы бойынша 2023 жылы газға екі мыңнан астам абонент қосылды. Елордада газдандырылған үйлер мен нысандардың жалпы саны он мыңнан асады. Бүгінгі таңда Астана қаласын газдандырудың бірінші және екінші кезегі бойынша жобалар іске асырылды. Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қаладағы үш жылу энерго-орталығын, «Оңтүстік-Шығыс» және «Тұран» газ жылыту стансаларын табиғи газға қосты.

Тұрғын үйді газдандыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын лицензияланған компанияларды іздеуге арналған «Маркетплейс» порталы іске қосылды.

Биыл 10 өңірдің газ тарату желілері цифрландырылып, 7 өндірістік филиалда абоненттердің геоақпараты анықталды.

Барлық өңірлерде «112» бірыңғай диспетчерлік қызметінен азаматтардың ұялы телефондарына табиғи газды тұтыну кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы апта сайынғы SMS – хабарламалардың жіберілуі жолға қойылды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының басты мақсаты – халықты, әлеуметтік маңызы бар объектілерді және коммуналдық – тұрмыстық объектілерді табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз ету.

Газ саласындағы қызметтерді цифрландыру 2024 жылы да жалғасады.