You are currently viewing “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ қызметкерлері өзгерістерді басқару және оқиғаларды тергеу бойынша оқытылды

“ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ қызметкерлері өзгерістерді басқару және оқиғаларды тергеу бойынша оқытылды

«QazaqGaz» ҰК» АҚ HSE қызметінің аға менеджері Талғат Уандықов «Жабдықтар мен қондырғылардың тұтастығы мен сенімділігі. Өзгерістерді басқару, оқиғаларды, сәтсіздіктерді және авариялық тоқтатуларды тергеу» тақырыбында арнайы іс-шара ұйымдастырды.

Тренингке «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басшылығы қатысты, сондай-ақ онлайн режимде өндірістік филиалдардың қызметкерлері қосылды.

Оқыту аясында құрылғылардың барлық өміршең циклы қамтылды. Өзгерістерді басқару мәселесі ұсынылған өзгертуге байланысты тәуекелдерді дұрыс бағалау және өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз ететін дұрыс шешімді таңдау тұрғысынан маңызды болып табылады.

Тренинг соңында «QazaqGaz» ҰК» АҚ HSE қызметінің басшысы Алтай Джакубалиев жабдықтар мен қондырғылардың тұтастығын,сенімділігін арттыру, өзгерістерді басқару және инциденттерді тексеру бойынша шаралар қабылдау арқылы авариялық тоқтау қаупін азайтуға болатынын жеткізді.