You are currently viewing «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті қазақстандық «Ақ Мерген» сыйлығының жеңімпазы атанды

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті қазақстандық «Ақ Мерген» сыйлығының жеңімпазы атанды

Өткен 23 ақпан күні Алматыда қоғаммен байланыс саласындағы беделді «Ақ Мерген» байқауының финалы өтті. Жобаларды жария қорғау ашық тыңдау форматында өткізілді, онда қатысушылар 2023 жылы іске асырылған өз компанияларының жобалары туралы айтты. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жобаларын әділқазылар алдында Компанияның қоғаммен байланыс және ИМЖ департаментінің директоры Мұхит Ықылас қорғады.

Байқау нәтижесінде түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар есімі аталды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының «Цифрлық газдандыру» жобасы Digital коммуникациялар саласындағы үздік жоба болып танылды және өз номинациясында жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар, компанияның «Газдандыру: жылу және қамқорлық» деп аталған тағы бір жобасы «ЕSG және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы үздік жоба» номинациясы бойынша үздіктердің бірі болып танылды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар биылғы жылы «Ақ Мерген» сыйлығына 55 компаниядан 85 өтінім берілгенін атап өтті.

Жобалардың басым бөлігі «ESG және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік», «Корпоративішілік коммуникациялар» және «Мемлекеттік, қоғамдық және әлеуметтік бағдарламаларды ілгерілету» номинацияларына қатысты.