You are currently viewing “ДЛС-Пергам” жылжымалы мобильді зертханалары Қызылорда облысының газ құбырларын тексеріп жатыр

“ДЛС-Пергам” жылжымалы мобильді зертханалары Қызылорда облысының газ құбырларын тексеріп жатыр

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 8-сәуірден бастап Қызылорда облысындағы жоғары және орта қысымды жерасты полиэтилен газ құбырларын жылжымалы «ДЛС- Пергам» мобильдік зертханасы арқылы тексеруді бастады.

Осы уақыт ішінде 245 шақырым жоғары қысымды және 119 шақырым орта қысымды газ құбыры желісі тексерілді.

Осы 436 шақырым газ құбырын тексеру барысында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының мамандары Жаңақорған ауданында орналасқан газ құбырының 2 жерінен газдың ауаға тарап жатқанын анықтап, шұғыл түрде ақауды қалпына келтірген.  

Мұндай шаралар қауіпті газ салдарының алдын алу мақсатында жүзеге асырылды. 

Газ мамандары тұтынушыларға газды қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау кереектігін тағы бір ескертті. Газдың иісі сезілген мезетте бірден барлық газ шүмектерін жабу керек, бөлмені желдету керек, от тұтатуға, сонымен қатар, электр құралдарын қосуға да, ажыратуға да болмайды. Шұғыл түрде 104 телефоны бойынша авариялық бригаданы шақыру қажет!