You are currently viewing Алматы қаласының “Таулы қырат” ықшамауданында газ қысымы қалпына келтірілді.

Алматы қаласының “Таулы қырат” ықшамауданында газ қысымы қалпына келтірілді.

Кеше 22-ақпан күні, сағат 22:00-ден бастап 104 нөміріне Алматы қаласы Медеу ауданы Таулы қырат ықшамауданындағы Тайманов, Иванилов, Игишев және Әзірбаев көшелерінде газ қысымының төмендеп кеткені туралы хабарлама келіп түскен болатын.


Оқиға орнына келген апаттық-диспетчерлік қызмет бригадасы №1217 газ реттеу пуктіндегі газ қысымын теасеріп, газ реттегішін бастапқы қалпына келтірді. Барлық деректер жөндеу бригадасына жіберілді.


Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, түнгі уақытта жұмыс жүргізуге тыйым салынғандықтан, жөндеу жұмыстары 23 ақпан күні таңғы сағат 8:00-де жалғасты. Атап өтетін жәйт, газ құбырларында қысым төмендегенімен, тұрғындарға көгілдір отын үздіксіз беріліп тұрды. Қазіргі сәтте шағынаудандағы апаттық-жөндеу тобы жұмыстарын толық аяқтады. Барлық ақаулар жөнделіп, газ қысымы қалпына келтірілді.