You are currently viewing QazaqGaz және Eni газ саласын декарбонизациялау және адами капиталды дамыту саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

QazaqGaz және Eni газ саласын декарбонизациялау және адами капиталды дамыту саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

“QazaqGaz “ҰК” АҚ және Eni компанияларының өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға ресми сапары аясында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.      

Қол қойылған құжат Qazaqgaz және Agip Caspian Sea – Eni еншілес компаниясы – газ өнеркәсібінде көмірқышқыл газының шығарындыларын азайту технологияларын айырбастау, әзірлеу және енгізу саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, компаниялар арасындағы өзара әрекеттесу бірлескен зерттеулерді, адами капиталды дамыту бастамаларын, білім алмасуды және тұрақтылық пен декарбонизация технологияларымен байланысты озық тәжірибелермен бөлісуге бағытталған оқытуды ұйымдастыруды қамтуы мүмкін.

“QazaqGaz” ҰК” АҚ атынан Келісімге “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Асқаров “Agip Caspian Sea B.V.” тарапынан “Eni S.p.A.” Апстрим секторының директоры Лука Виньяти қол қойды.