You are currently viewing Алматы мен Шымкенттегі жер сілкінісінің салдарын жою

Алматы мен Шымкенттегі жер сілкінісінің салдарын жою

Еліміздің оңтүстігінде орын алған жер сілкінісінен соң “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ-ның Алматы, Шымкент өндірістік филиалдарының қызметкерлері мегаполистерге қарасты газ құбырларының табиғи апаттан кейінгі жай-күйін шұғыл тексеріп, қауіп-қатердің алдын алу шараларын қарастырды. Кешенді тексеріс барысында Түркістан облысы Ордабасы ауданы Қайнар елді мекенінде орташа қысымды жерасты құбырынан газдың ауаға таралып жатқаны анықталды. Аудандағы 7 елді мекен газдан ажыратылып, шұғыл түрде жөндеу жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде барлық тұрғындар көгілдір отынмен толықтай қайта қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ың Алматы өндірістік филиалының мамандары жер сілкінісінен кейінгі шұғыл тексеріс шаралары барысында жерасты газ құдықтарынан ауаға газ тарау ықтималдығына жан-жақты тексеру жүргізді. Барлығы 210 газ құдығы тексеріліп, оның 26-сынан ауаға газ таралып жатқаны белгілі болды. Зақымдалған газ құбырлары сол сәтте жөнделіп, қайта іске қосылды.
Қазіргі күні «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мамандары тұтынушыларға тұрақты әрі үздіксіз газ жеткізу міндетін абыроймен атқарып отыр.