You are currently viewing «ҚазТрансГаз Аймақ» бас директоры жылыту маусымына дайындық барысымен танысты

«ҚазТрансГаз Аймақ» бас директоры жылыту маусымына дайындық барысымен танысты

Атырау және Маңғыстау облыстарына жұмыс сапарымен барған «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров ең алдымен газ шаруашылықтарының алдағы жылыту маусымына дайындық барысын тексерді.

Алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық өткен жылыту маусымы аяқтала сала, наурыз айында басталды, бұл жұмыстар «QazaqGaz» ҰК» АҚ басшылығының ерекше бақылауында.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаровтың айтуынша, жылыту маусымына дайындық жұмыстарының сапалы орындалуын тексеріп, қадағалап отыру тұрақты жалғасады.

  • Атырау облысы мен облыс орталығына іргелес елдімекендерді газбен қамтамасыз ететін АГТС-тер бір-бірімен өзара тұйықтала жалғанған. Бұндай әдіс – тұтынушыларға үздіксіз әрі апатсыз газды жеткізу үшін және газ тапшылығын жойып, жаңа тұтынушылардың табиғи газға қосылуына мүмкіндік береді. Осындай маңызды нысандардың әр уақытта тұрақты әрі сапалы жұмыс істеуін жіті қадағалап отыру керек, бұл жұмыс менің жеке бақылауымда болады – деген Б.Асқаров.

Жалпы, Атырау мен Маңғыстау облыстарында қыс мерзіміне дайындық жұмыстары кестеге сай жүргізілуде.

Сонымен қатар, компания басшысы Байыржан Асқаров Атырау және Маңғыстау өндірістік филиалдарының ұжымдарымен кездесіп, өндірістік сұрақтарды талқылады.

Алдағы жылыту маусымына дайындық тақырыбы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров пен облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың кездесуінде де айтылды. Облыс басшысы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның өңірдегі жұмысына оң баға берді. Облыстың газ қызметкерлері газ шаруашылықтарын қыс мезгіліне дайындау үшін аймақтың коммуналдық қызметтерімен, ТКШ басқармасымен, ірі кәсіпорындармен өзара тығыз жұмыс істеуде.

Барлық іс-шаралар қыс мезгілінде тұтынушыларды тұрақты және үздіксіз газбен қамтамасыз етуге бағытталған