You are currently viewing Шымкент қаласында 50 адамнан тұратын “Газ-техникалық қызмет” мекемесі құрылды

Шымкент қаласында 50 адамнан тұратын “Газ-техникалық қызмет” мекемесі құрылды

“Газ және газбен жабдықтау туралы” Заңда газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарының иелері олардың тиісті техникалық жағдайы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті екендігі жазылған.  

Алайда, заңнамалық нормаларды орындау міндеттелсе де, улану оқиғалары жылда тіркеледі, кейбірінің соңы қайғылы аяқталады.

Осыған байланысты “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ тұтынушылардың тұрмыста газды пайдалануы кезіндегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында үйішілік газ жабдығына техникалық қызмет көрсетумен айналысатын ұйымдарды тексеруді жүзеге асыру үшін газ-техникалық инспекция құру қажеттілігі туралы жыл сайын жергілікті атқарушы органдарға хат жібереді.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының газтехникалық инспекциясында барлығы 3 маман ғана жұмыс істейтініне назар аударды.

Осы орайда “Шымкент қалалық газ-техникалық қызметі” мемлекеттік коммуналдық мекемесін құру туралы шешім қабылданды, онда 50 қызметкер жұмыс істейтін болады. Жауапты тұлғаларға газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тапсырылды. 

“ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ мамандары бұл бастамаға қолдау білдіріп, мұндай қызметтер табиғи газ пайдаланылатын елдің әрбір өңірінде болуы тиіс деп есептейді. Өйткені тұтынушылар қауіпсіздігі – басты міндет.