You are currently viewing «ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» КОМПАНИЯСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

«ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» КОМПАНИЯСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ орталық аппаратында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, компанияның дамуына үлес қосқан үздік қызметкерлерге марапаттарын табыс етті.

«Құрметті әріптестер! Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекетіміз үшін айтулы бұл күн – егемен еліміздің дамуына әрқайсымыздың қосатын үлесіміздің маңыздылығын еске салады. Біздің, газ саласының маманы ретіндегі басты міндеттеріміздің бірі – жобаларымызды сәтті орындап, ел тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, өмірлерінің жайлы болуына септігімізді тигізу. Бүгінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 11,7 миллионнан астам қазақстандыққа жылу пен жайлылық сыйлап отыр, өзіне алған міндеттемелерін абыроймен орындап келеді. Біз еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосып келеміз және біздің бұл жолдағы миссиямыз өз жемісін беретініне сенеміз», – деді Бауыржан Асқаров.

Салтанатты жиын барысында үздіктерге медаль, төсбелгі, Құрмет грамоталары, Алғыс хаттары табыс етілді.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Қызылорда өндірістік филиалының өндірістік – техникалық бөлімінің бас маманы Айғаным Арыстанова марапатталды.

 «Самұрық-Қазына» АҚ-тың құрметті қызметкері» айрықша ерекшелік белгісі Қостанай өндірістік филиалының газбен жабдықтау және өткізу қызметінің бас маманы, метролог Еркін Әбеновке,

«Самұрық-Қазына» АҚ алғыс хаты Қарағанды өндірістік филиалының Теміртау газ шаруашылығының бас маманы Тимур Жувандыковқа,

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Құрмет грамотасы өндірістік-техникалық департаменті күрделі құрылыс тобының бас менеджері Гаухар Камаловаға,

«QazaqGaz» ҰК» АҚ алғыс хаты Жамбыл өндірістік филиалының сатып алуды ұйымдастыру және шарттар мониторингі бөлімінің бастығы Сержан Сраиловқа, Батыс Қазақстан өндірістік филиалының бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы Гүлзия Берғалиеваға,

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Құрмет грамотасы Шымкент өндірістік филиалының күрделі құрылыс бөлімінің бас маманы София Ярмухамедоваға, Алматы өндірістік филиалының авариялық-диспетчерлік қызметінің аға диспетчері Гүлнара Семеноваға, Атырау өндірістік филиалының экономика және тариф құру бөлімінің бастығы Жәнібек Қуанышовқа, Ақтөбе өндірістік филиалының бөгде ұйымдарының газ желілерін жобалау, салу және техникалық қызмет көрсету қызметінің маманы Әділбек Балымбетовке, Қызылорда өндірістік филиалының апаттық-диспетчерлік қызметінің диспетчері Гаухар Жалғасбекқызына, Түркістан өндірістік филиалы директорының орынбасары Асқар Шипековке табысталды