Инвестициялық жобалар

Қазақстан Республикасының газ жүйесін жаңғырту

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газбен қамтылмаған елді мекендерді газдандыру және қазіргі газ желілерін ауқымды жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда.

Қазақстан Республикасының газ жүйесін жаңғырту

Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласының газ тарату жүйелерін жаңғырту

Бұл ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру 2009 жылы басталды.

Тараз қаласының газ тарату жүйелерін жаңғырту

Бұл Шымкент қаласынан кейінгі газбен жабдықтау желілері жаңғыртылып, жаңасы салынып жатқан екінші қала.

Түркістан қаласын газдандыру

Түркістан қаласын газдандырудың 1-ші кезеңі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырын іске қосудан басталды.

Қордай газ тарату станциясынан Шу қаласына дейін жеткізуші газ құбырларының құрылысы

2012 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ «Жамбыл облысы Қордай автоматтандырылған газ таратушы станциясынан Шу қаласына дейінгі жеткізуші газ құбырының құрылысы» инвестициялық жобасын сәтті жүзеге асырды.

Қызылорда қаласын газдандыру

Жоғары қысымды (жалпы ұзындығы 12 км), сонымен қатар (195 км) төмен қысымды, газды өткізу мүмкіндігі сағатына 22 мың м³ газ құбрының құрылысы Қызылорда қаласының газдандырылмаған аудандарын табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Қызылорда қаласындағы КМРТЦ-дан ГТП 1 дейінгі жоғары қысымды газ құбырының құрылысы (Шығыршықтау)

Бұл жоба газ тарату жүйелерінің сенімділік-деңгейін жоғарылату үшін, газ құбырларындағы газ қысымының тұрақтылығын, шалғай аймақтардағы барлық тұтынушыларды газбен қамтудың тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

Қызылорда қ. Оңтүстік өнеркәсіп аймақ ауданындағы жоғары қысымды жеткізуші газ құбырының құрылысы

Жаңа нысанның ашылуы Қызылорда қаласының Оңтүстік өнеркәсіп аймағында орналасқан 23 кәсіпорынға газды өндірістік қызметте пайдалануға мүмкіндік береді.

Қызылорда қ. Оңтүстік өнеркәсіп аймақ ауданындағы жоғары қысымды жеткізуші газ құбырының құрылысы

Қызылорда қ. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырына қосылуы

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырын іске қосудың бірінші кезеңінде облыстың қала мен аудандары газбен жабдықтаудың балама көзіне қосылу мүмкіндігін алды.

Атырау облысында Біріктірілген газ-химия кешеніне (БГХК) газ құбырын тарту

2013 жылы көмірсутегі шикізатын терең өңдеу және полиэтилен шығару бойынша мұнай-химия өндірісін құру міндеті тұрған Атырау облысында Қарабатан ст. Біріктірілген газ-химия кешеніне (БГХК) газ құбырын тарту құрылысы сәтті аяқталды.

«Зайсан қ. газдандыру» жобасы

«Зайсан қаласын газдандыру» инвестициялық жобасына сәйкес, 154 км газ тарату жүйесі мен ғимараттар салу көзделген. Екі кезеңнен тұратын жоба 2013–2014 жж. қамтиды.

Газды редуциялау торабы

Бұл нысан «Ақшабұлақ-Қызылорда» магистралды газ құбыры мен «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының түйіскен нүктесінде салынған.

Алдағы жоспарда:

  • Қызылорда облысының шағын қалалары Арал мен Байқоңыр, аудан орталықтары Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған елді-мекендерін газдандыру, «Арыскұм-Жосалы» магистралды газ құбырының құрылысы (Қазақстанның оңтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз ету үшін қажетті табиғи газ ресурстарының қайнар көзі);
  • Жамбыл облысындағы біріктірілген химиялық кешен нысандарын газдандыру;
  • «Ескене» ВСО үшін газ құбырының құрылысы;