Жеке тұлғаларға

«Қазтрансгаз Аймақ» АҚ (бұдан әрі — «ҚТГАймақ» АҚ) қызмет ететін аймақтарда тұрғын үйлерді газдандыру келесі тәртіпте жүргізіледі:

1. «ҚТГАймақ» АҚ аймақтық өндірістік филиалдарынан техникалық шарттылықтарды (бұдан әрі — ТШ) алу.

Жеке тұлғаларға техникалық шарттылықтарды алу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

  • «ҚТГАймақ» АҚ техникалық директорының атына (немесе өндірістік филиалдың бас инженеріне) ТШ (ең жоғарғы сағаттық тұтыну көлемін көрсете отырып) беру туралы өтініш;
  • Объект иесінің жеке куәлігінің көшірмесі;
  • Жерге арналған мемлекеттік актінің көшірмесі, объект орналасқан жылжымайтын мүлікке құқық беретін құжаттар, немесе объектіні газдандыруға арналған жылжымайтын мүлік иесінің нотариалдық ресімделген келісімі;
  • Газдандырылатын тұрғын үйдің техникалық паспортының көшірмесі (объект);
  • Газ тұтынатын жабдықтың шығын және қысым бойынша техникалық деректері;
  • Объектінің орналасу сызбасы (сызба және бағыттық карта бойынша ауызша түсіндірусіз-ақ табатындай толық суреттелуі қажет);
  • СТН көшірмесі;

2. Техникалық шарттылық негізінде тұрғын үйді газдандыру жобасы дайындалады.

3. Келісілген жобаға сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстары орындалады*.

4. Объектінің аяқталған құрылысымен қабылдау жүзеге асырылады.

5. «ҚТГАймақ» АҚ аймақтық өндірістік филиалдарының мамандарымен ойып қосу және газды іске қосу жүргізіледі.

*Үйлерді газдандыру (үй ішіндегі газ жабдықтарын монтаждау) пайдаланушы ұйыммен келісілген жобаға сәйкес, пайдаланушы ұйыммен әр үйге жеке берілген техникалық шарттылық (ТШ) негізінде жүргізіледі. Бұдан басқа, монтаждау ұйымдарында тиісті рұқсат құжаттары және аталған қызмет түріне арналған мемлекеттік лицензиясы болуы қажет, МемСТ ескертілген материалдар пайдаланылуы тиіс, белгіленген тәртіпке сәйкес жұмысқа рұқсат етілген оқыған және аттестациядан өткен маман болуы қажет, пайдаланылған материалдарға және монтаж өндірісіне және т.б. техникалық қадағалау жүзеге асырылуы тиіс.

«Қазтрансгаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалдарының мекен-жайлары және байланыс телефондары