Нағым Сәлім Жаңабайұлы

«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін,

Cass Business School, City University London магистратурасын бітірген.

Еңбек жолын Agip North Caspian company N. V. зауытында оператор болып бастады.

Әр жылдары «ҚазРосГаз», «ҚазТрансГаз», “Урихтау Оперейтинг» мұнай-газ компанияларында жұмыс істеді.

Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай және газ тасымалы департаментінің сарапшысы,

«Astana Oil Company» ЖШС Бас директорының орынбасары,

«Компания Жан және КС» ЖШС Бас директоры,

ҚР Энергетика министрлігі Газ және мұнай-газ химиясы департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

ҚР Президентінің Жастар Кадрлық Резервінің мүшесі.

2023 жылғы 31 шілдеден бастап «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.