Компания басшылығы

 

СУЛЕЙМАНОВ РУСТАМ ЭДУАРДҰЛЫ
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы)
«ҚазТрансГаз» АҚ Басқарма төрағасының өңдеу және маркетинг жөніндегі орынбасары

 

1973 жылы 4 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ. туған.

Білімі: Білімі жоғары. Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономикалық кибернетика» мамандығы бойынша бітірді.

Жұмыс тәжірбиесі: Еңбек жолын 1994 жылы бастады. Коммерциялық құрылымдарда экономист, қаржы инспекторы болып жұмыс істеді.

Газ саласында 1997 жылдан бері еңбек етіп келеді.

1997-2000 ж. «Алаутрансгаз» ЖАҚ қаржы инспекциясын, қаржылық бақылау бөлімін, экономикалық бөлімдерді басқара отырып, түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2000-2002 ж. KTG «Distribution» ААҚ газбен жабдықтау жобасы жөніндегі жұмыс тобының консалтингтік менеджері, аймақтық менеджері болып қызмет етті.

2002 жылдың мамырынан бастап 2013 жылдың ақпанына дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ маркетинг және контрактілер департаментінің директоры. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Басқарма мүшесі болды.

2013 -2014 жж. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Басқарушы директоры (Басқарма мүшесі).

2014 жылдың қарашасынан 2015 жылдың ақпанына дейін – «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының даму жөніндегі орынбасары.

2015 жылдың ақпан айынан – «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының маркетинг және коммерция бойынша орынбасары (Басқарма мүшесі).

2015 жылдың желтоқсан айынан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы).

2020 жылдың қараша айынан бастап Басқарма Төрағасының өңдеу және маркетинг жөніндегі орынбасары.

2020 жылдың желтоқсан айында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры – Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Марапаттары: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен, «KazEnergy» ЗТБ медалімен, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құрмет грамотасымен, «Құрмет» орденімен және «Қазақстан мұнайына – 120 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.


 

АСҚАРОВА АИДА ГЕННАДИЙҚЫЗЫ

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директорының орынбасары (Басқарма мүшесі)

1969 жылы 13 наурызда Қызылорда қаласында туған.

Білімі:

— Алматы халық шаруашылығы институты, экономист (1990);

Жұмыс тәжірбиесі:

  • Қызылорда облыстық статистика басқармасы қалалық статистика бөлімінің экономисі (1990-1996);
  • ҚР экономика және сауда министрлігі бағаны реттеу Департаментінің бас маманы (1996-1997);
  • ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі Агенттігінің бас маманы, ҚР табиғи монополияларды реттеу Агенттігі құбыр тасымалы желілері саласындағы реттеу Департаментінің директоры (1998-2014);
  • «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ маркетинг және шарттар Департаментінің директоры (2014);
  • «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының кеңесшісі, даму жөніндегі басқарушы директоры (2014-2015);
  • Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі (2015-2016);
  • «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директорының кеңесшісі (2016-2017);
  • «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директорының кеңесшісі (2017-2020).

2020 жылы 27 сәуірден бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директорының орынбасары (Басқарма мүшесі).


 

СИСЕНОВ АЙДАР АХМЕТҚАЛИҰЛЫ

Бас директорының орынбасары (Басқарма мүшесі)

1985 жылы 5 шілдеде Орал қаласында туды.

Білімі:

— Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, физика және информатика (2006);

— Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті, мұнайгаз ісі (2009).

Жұмыс тәжірибесі:

— «Интергаз Орталық Азия» АҚ өндірістік-техникалық департаментінің бас маманы (2006-2009);

— «Интергаз Орталық Азия» АҚ орталық диспетчерлік департаментінің менеджері, 1-ші, 2-ші санатты менеджері  (2009-2017);

— «Интергаз Орталық Азия» АҚ диспетчерлеу және газ тасымалы департаменті директорының орынбасары (2017-2018);

— «ҚазТрансГаз» АҚ диспетчерлеу және газ тасымалы департаментінің директоры (2018-2020).

2020 жылы 27 сәуірде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директорының орынбасары болып тағайындалды.


 

ЖИЕНБЕКОВ ЖАСҰЛАН МҰХТАРҰЛЫ

Заң департаментінің директоры (Басқарма мүшесі)

— 1985 жылдың 13 ақпанында Шымкент қаласында туған.

Білімі:

— Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры (2007), Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, юриспруденция бакалавры (2010), WARWICK UNIVERSITY, мемлекеттік саясат магистрі (2014).

Жұмыс тәжірибесі:

— Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі департаментінің жетекші маманы, сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы (2007-2017);

— 2017 жылдың 3 сәуірінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Заң департаментінің директоры болып тағайындалды.