Сервистік жобалар

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сонымен қатар заңмен рұқсат етілген және ҚР табиғи монополияны реттеу жөніндегі Агенттіктің белгілеген заңды тәртібімен келісілген басқа да қызмет түрлерін іске асырады.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның технологиялық жағынан негізгімен байланысатын негізгі қызмет түрлері:

  1. Таратушы газ құбырлары мен оның құрылысын, сонымен қатар өзге ұйымдарға жататын үйішілік газ жүйелерін пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету.
  2. Өзге ұйымдар мен жеке тұлғаларға тиесілі жаңа салынған таратушы газ құбырларын сынақтан өткізіп, іске қосу
  3. Жеке меншік секторларды газдандыру;
  4. Үйішілік газ жабдықтарына қызмет көрсету.

Сонымен қатар «ҚазТранс Газ Аймақ» АҚ газ жабдықтарын сатумен айналысады, соның ішінде:

  • газ есептегіш құралдарын және смарт-карталар;
  • жылытқыш қазандықтар (қабырға, едендік)
  • шкафты реттегіш пункттер;
  • циркулярлық сорғыштар;
  • газ саралағыштар;
  • газдану туралы дабыл бергіштер;
  • кернеу реттегіштер (стабилизаторлар);
  • газ плиталар;
  • газ есептеу құралдары үшін металл шкафтар.