04.12.2017
ҚАЗАЛЫДА 4 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫ КӨГІЛДІР ОТЫН ПАЙДАЛАНЫП ОТЫР
Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентіндегі тұрғын үйлердің 49 пайызы, яғни 3990-ыкөгілдір отын игілігін көріп отыр. 
Биыл облыстық бюджеттен 102 млн. теңге бөлініп, 12 әлеуметтік нысан газға қосылды. (4 мектеп, 5 балабақша, 1 мұражай, 1 спорт мектебі, 1 – мәдениет үйі). Алда тағы 147 мекемені (16 мемлекеттік мекеме, 4 емхана, 4 мектеп, 3 спорт кешені, 5 балабақша, 115 кәсіпкерлік нысаны) газ құбырына қосуға облыстық техникалық шарттары алынды. 
Бұл мәселе бойынша аудан халқына жеңілдіктер де қарастырылған. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мен меморандумға отыру нәтижесінде тұрғындарға газ желісін қосу қаражатын пайызсыз бөліп төлеуге келісілді.
Соның арқасында жыл аяғына дейін көгілдір отын тұтыну көрсеткіші жоғарылайды деп жоспарлануда.
http://syrboyi.kz/negizginews/15749-azalyda-4-mya-zhuy-otbasy-kgldr-otyn-paydalanyp-otyr.html