Облигациялар бойынша сыйақы төлеу бойынша хабарлама

06.01.2015

2015 жылдың 5 қаңтарында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өз облигациялары KZP01Y05E590 бойынша (KZ2C00002483, KASE ресми тізімі, санаты «рейтингілік бағасы бар қарыздық құнды қағаздар», KTGAb1) кезекті купондарын уақытылы төледі.

Облигациялар иесіне төленген сыйақы көлемі 323 593 875,00 теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың бас кезінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жалпы құны 50 000 000 000 теңге болатын бірінші облигациялық бағдарлама аясында, жалпы көлемі 8 629 170 000 теңге болатын облигациялардың алғашқы шығарылымын орналастырды. Облигация иелеріне купондар алғаш рет 2014 жылдың шілдесінде төленді.