Қазақстандық газ саласы қызметкерлері Арыс қаласының тұрғындарына біркүндік еңбек ақысын аударады

25.06.2019

Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері алапат жарылыстан зардап шеккен Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғындарына көмек ретінде өздерінің бір күндік еңбек ақысын аудару туралы шешім қабылдады. Газ мамандары жинаған көмек қаржы көлемі 120 млн теңгеден асады.

Отандық газ саласы мамандары мұндай қасірет бірде-бір жанды бей-жай қалдырмайтынын және осындай ауыр кезеңде отандасына көмек қолын созу – әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы деп санайды.

Бір күндік еңбек ақысын аудару туралы шешімді «ҚазТрансГаз» АҚ өңірлердегі компанияларының ұжымдары бір ауыздан мақұлдады.