Алматы қаласы бойынша тауарлық газды тұтыну нормаларын бекіту бойынша жария тыңдаулар

13.06.2019

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңының 7-бабының 5-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес 2019 жылғы 14 маусымда сағат 15:00 Алматы қаласы бойынша тауарлық газды тұтыну нормаларын бекіту бойынша жария тыңдаулар өткізілетіндігін хабарлайды.

Ұйымның атауы: «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалы.

Субъектінің орналасқан жері: Алматы қ., Байзақов к-сі, 221.

Тыңдауларды өткізу күні мен орны: 2019 жылғы 14 маусым, сағат 15:00 Алматы қ., Байзақов к-сі, 221, 3 қабат, 312 кабинет мекенжайы бойынша.