«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-да еңбек ұжымымен 2018 жылдың қорытындысы бойынша есепті кездесу өтті

28.02.2019
 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-да еңбек ұжымымен 2018 жылдың қорытындысы бойынша есепті кездесу өтті

Бас директордың бірінші орынбасары Ғалым Айдосов ұжымға қаржылық-шаруашылық қызметтерінің қорытындылары, компанияның жетістіктері және 2019 жылға арналған жоспарлар туралы айтты.

Есепті кезеңде абоненттердің жалпы саны 1 884 641 мыңға жеткені атап өтілді. Газ құбырларының жалпы ұзындығы 48 мыңнан аса шақырымды құрайды.

Республиканың 9 өңірінде іске асырылған инвестициялық бағдарламалардың нәтижесінде, өткен жылы Алматы қаласын газдандыру мен газ желілерін жаңалау, ОҚО ГТЖ жаңғырту, Тараз қаласының ГТЖ жаңғырту, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының елді мекендерін газдандыру, газ тарату желілерін жаңғырту, Маңғыстау облысы елді мекендерінің ГТЖ жаңғырту, реконструкциялау және жаңадан салу, БҚО газ құбырларын және ШГТП ауыстыру, Қостанай облысының елді мекендерін газдандыру, Атырау қаласында ШГТП ауыстыру, Зайсан қаласының газ құбырларын жаңғырту және салу жұмыстары жүргізілді. Жұмыстардың нәтижелері бойынша 295,85 км. газ құбыры жүргізілді, 1 және 2 абонентке 2 299 жеке шкафтық пункт, 213 ШГТП (ШТП) жиынтығы, 18 ПГБ/ГРП жиынтығы орнатылды, 1 АГТС салынды.  

Инвестициялық бағдарламаларды іске асырудың нәтижесінде, тұрғын үй құрылысы, ТүКШ саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру, жол құрылысы, шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қолдау жаңа күшке ие болады. Газдандыру қалалардың және шалғай ауылдардың дамуына оң әсер етеді, халықтың көші-қонына, өндірістік және әлеуметтік саланың одан әрі даму болашағына ықпал етеді.

Қоғамның Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалын Шымкент және Түркістан өндірістік филиалдарына бөлу арқылы өндірістік филиалдардың көбеюі 2018 жылдың маңызды оқиғаларының бірі болды. 

«Біз жылды осындай жақсы көрсеткіштермен аяқтадық, Болашақта біздің жетістіктеріміз бұдан жоғары болатынына сенемін» - деді Ғалым Айдосов. Өздеріңізге белгілі, 2018 жылдың соңында Астананы, еліміздің газдандырылмаған орталық және солтүстік облыстарын табиғи газбен қамтамасыз ететін «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының құрылысы басталды. Биыл осы магистральдық газ құбырының бойында орналасқан елді мекендерді газбен жабдықтау үшін тарату желілерінің құрылысын бастау жоспарланып отыр».  

Сонымен қатар, Маңғыстау, Қостанай, Алматы, Ақтөбе облыстарының елді мекендерін газдандыру жұмыстары жалғасын табады.

Сондай-ақ, есепті кездесуде газды тұрмыста қолдану кезіндегі қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Осы бағытта халыққа қауіпсіздік ережелері туралы хабарлау жұмыстарын одан әрі күшейту ерекше аталып өтті.