Қазақстанның Тәуелсіздігі Күні қарсаңында Қостанай облысында 1000 отбасы көгілдір отынға қосылды

13.12.2017
Қазақстанның Тәуелсіздігі Күні қарсаңында Қостанай облысында 1000 отбасы көгілдір отынға қосылды






















Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ «Қостанай облысының елді мекендерін газдандыру және газ тарату желілерін жаңғырту» инвестициялық жобасы аясында Денисов ауданының Антоновка, Алчановка және Қарабалық ауданының Тоғызақ ауылының тұрғындары газға қосылды. 
Көгілдір отынды қосуға арналған салтанатты шараға Қостанай облысының әкімі Архимд Мұхамбетов пен «ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Қостанай өндірістік филиалының директоры Ескендір Қайыбжанов қатысты.
Құрылыс барысында 60 км тарта газ құбыры, 5 блокты және 1 шкафтық газ тарату пункттері салынды. 3 ауылдағы 1000 үйдің 110-ы газға қосылған, тағы 100 шақты үйдегі монтаж жұмыстары толығымен аяқталды. Жақын күндері ол абоненттерге де газ беріле бастайды. 
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов:
- Жыл бойына облысымызда өңір тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатына айтарлықтай ықпал жасаған шаралар іске асырылды. Тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол құрылысы салаларындағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру,  шағын және орта бизнесті қолдау жаңа серпін алды.  Тәуелсіздік Күні қарсаңында Антоновка, Алчановка ауылдарын газға қосып отырмыз. Бұл ауқымды жұмыс үшін газ саласының мамандарына ризашылығымызды білдіреміз. Бұл елдімекендердің дамуына оң ықпал жасайды, тұрғындарының өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады және жаңа кәсіпорындар ашу үшін түрткі болады. Біз бұдан әрі де осы жұмыстарды жалғастыра береміз. 
«ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Қостанай өндірістік филиалының директоры Ескендір Қайыбжанов: 
- Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізді газдандырудың Бас сызбасы әзірленді. Осы жоспарды жүзеге асыру аясында Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» мойнына алған міндеттемелерді абыроймен орындап келеді. Жуырда Қарабалық ауданындағы Ворошилов ауылына газ бердік. Бүгін Ұлы мереке қарсаңында үш бірдей ауылға Антоновка, Алчановка және Тоғызаққа газ қостық. Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ барлық жұмыстарды белгіленген мерзімінен бұрын аяқтап отыр. Газ саласы қызметкерлерінің еңбегі Қазақстан халқының әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталған. Бұл біздің еліміздің Тәуелсіздігін нығайту үшін қосқан үлесіміз. Ұлы даланың қуаты әрбір қостанайлықтың үйіне дейін жетеді. 
Ақпарат үшін: 2015 жылдың қараша айында мемлекет басшысының өндірістік процестерді тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасы аясында, сондай-ақ өңірдің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету, газбен жабдықтау және экологиялық ахуалды жақсарту, газ құбырларының қалыпты жағдайда жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында „ҚазМұнайГаз“ ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және Қостанай облысы әкімдігі арасында меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес, былтыр 13,5 мыңнан астам тұрғыны бар Қашар және Октябрь кенттері газдандырылды. Бүгінгі таңда Қостанай облысының 55% тұрғыны көгілдір отынға қосылған. 170 мыңнан астам абоненттің 1656-ы заңды тұлғалар, жеке тұлғалар саны 168 624. Алдағы екі жылда олардың саны 220 мыңға жетеді деп жоспарланып отыр.