«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ еңбек ұжымымен есеп беру кездесуі өтті

28.08.2017
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ еңбек ұжымымен есеп беру кездесуі өтті






















«ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Бас директоры Манас Тасыбаев 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша Компанияның орталық аппараты және өндірістік филиалдардың еңбек ұжымдарымен есеп беру кездесуін өткізді. Манас Тасыбаев атап өткендей, «ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Қазақстанның 10 облысы мен Алматы қаласында 8 млн-нан астам тұрғын (бұл 1,7 млн абонент) мен 35 мыңнан астам кәсіпорынды көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз етіп келеді. Тауарлы газ ішкі нарыққа 46 мың км асатын газ құбырлары жүйесі арқылы жеткізіледі.
Бүгінгі таңда «ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ еліміздің 9 облысында елді-мекендерді газдандыру және қолданыстағы газ тарату желілерін  жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда. Осы жобалардың аясында 2020 жылға дейін 7 мың км астам газ құбырын салу жоспарланып отыр. Жобаларды жүзеге асырудың арқасында 2017 жылдың 1-шілдесіне дейін: 
696 км газ құбыры салынды; 
41 шкафтық, 4 блокты газ тарату пункттері салынды;
3 автоматтандырылған газ тарату станциялары салынды.  
Бүгінгі таңда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өз қаражатына тұрғындар саны 187 мың болатын 27 елді мекен газдандырылуда. Олар:  
Ақтөбе облысында 2 елді мекен;
Маңғыстау облысында 21 елді мекен; 
Қостанай облысында 4 елді мекен. 
Инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың арқасында тұрғын үй құрылысы, ТҮКШ саласындағы инфрақұрылымдарды қаржыландыру, жол құрылысы, шағын және орта бизнесті қаржыландыру жаңа серпін алды. Газдандыру қалалар мен шалғайдағы ауылдардың дамуына, өндірістік және әлеуметтік саланың одан әрі дамуына, көші-қонға оң әсер берді. Осылайша, жарты жылда абоненттер саны 1 700 411-ге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,2% артық.      
Кездесу барысында өзге де сандар жария етілді. 2017 жылдың 6 айында тұтынушыларға 6,4 млрд м3 газ жеткізілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15% көп. 
Газ тасымалдау 6,5 млрд м3 құрады. Бұл өткен мерзіммен салыстырғанда 8% жоғары. Осы ретте «ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ қызметінің басты бағыттары маркетинг, сатып алу және тұтынушыларға газ жеткізу екені аталып өтті. Компанияның басты міндеттері тұтынушыларға газды үздіксіз, авариясыз және қауіпсіз жеткізу. Бұл міндетті Компания абыроймен орындады.
«ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ барлық газ тарату жүйелері техникалық тұрғыда қалыпты жағдайда, барлық техникалық нормативтер мен талаптарға сай. Газ құбырлары мен жабдықтар ұдайы тексеріліп тұрады, қажет болған жағдайда дереу жөнделеді. Ұлттық оператор жоспарлы түрде күрделі жөндеу жүргізіп, газ құбырларын жаңғыртумен айналысады.
Баяндамада Бас директор Компанияның Еуропалық сапаны бақылау қорының 5-ші-деңгейлі «Танылған кемелділік» сертификатын алғаны туралы айтылды. «ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ осындай сертификатқа қол жеткізген тұңғыш өндірістік компания.
2017 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысын шығара келе «ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Бас директоры Манас Тасыбаев алдағы уақытта да компанияның басты міндеті «адамдарға қуаныш сыйлау, еліміздің дамуына үлес қосу» болып табылатынын атап өтті. Кездесу соңында Манас Тасыбаев қызметкерлердің сауалдарына жауап беріп, олармен компанияның әлеуметтік саладағы қызметін талқылады.
Кездесу соңында Бас директор компания ұжымын ҚР Конституция күні және мұнайгаз кешені қызметкерлері күнімен құттықтады. Ерекше көзге түскен қызметкерлер Мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.