«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қазақстандағы EFQM еуропалық сапасының 5-ші деңгейін алған тұңғыш компания атанды

15.02.2017
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ  Қазақстандағы EFQM еуропалық сапасының 5-ші деңгейін алған тұңғыш компания атанды












Астанада «ҚазТрансГаз Аймақ" акционерлік қоғамына Еуропалық сапаны басқару қорының (EFQM) «Танылған Кемелділік» 5-ші-деңгейдегі сертификатын ресми табыстау рәсімі өтті. Мұндай-деңгейдегі сертификат отандық өндірістік компанияға тұңғыш рет беріліп отыр.

Бағалауды арнайы әдістемеге және 9 критерийге сай EFQM аккредиттеген сарапшылар өткізді: жетекшілік; персонал; серіктестік және ресурстар; процестер, өнім және қызмет; тұтынушылар үшін көрсеткіштер; персонал үшін көрсеткіштер; қоғам үшін көрсеткіштер; бизнес үшін негізгі көрсеткіштер.

EFQM — бизнестегі тиімділік пен кемелділікті арттыру саласында жұмыс істейтін Еуропаның 750-ге тарта компаниясының басын біріктірген сапа және компанияларды басқарудың үздік жүйелері үшін Еуропалық марапатты тағайындайтын Еуропалық Одақтың бірегей ресми ұйымы болып табылады. «ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ 2013 жылдан бастап бағаланып келеді және содан бері 3-ші-деңгейден 5-ші-деңгейге дейін көтерілді.

Сертификаттарды табыстау кезінде «Қазақстандық Сапа және Инновациялық Менеджмент Ұйымы» Қоғамдық Ұйымының Президенті Азат Әбдірахманов бұның Қазақстандағы өндірістік компаниялар үшін айтулы оқиға екенін ерекше атады.

«Бұл қол жеткізген көрсеткіштерге берілген жоғары баға, — деп атап өтті А.Әбдірахманов. — Компания BMW, BOSCH, Grandfos секілді әлемге әйгілі компаниялар бар еуропалық ұйымдар тізбесіне енгізілді. Мұндай танымдылық шетелдік инвесторлардың қызығушылығын арттырары сөзсіз».

«ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Бас директоры Манас Тасыбаев «бұл — компанияның барлық қызметкерлерінің еңбегі» екенін айтып өтті. «Бұл сертификаттар мен танымдылыққа бәріміз бірге қол жеткіздік, — деді М. Тасыбаев. — Біздің жұмысымызға берілген мұндай жоғары баға жауапкершілікті-де арттырады. Сондықтан жұмысты тоқтатпай, одан әрі беделімізді көтеріп, кредиттік сенімділік пен инвестициялық тартымдылықты арттыра беруге міндеттіміз».

5-ші-деңгейлі «Танылған Кемелділік» сертификатымен қатар 149 елдің басын біріктірген Халықаралық Стандарттау Ұйымының 4 ИСО сертификаты табысталды. Қазақстан аталған ұйымның толыққанды мүшесі болып табылады.
— ИСО 9001 — Сапа Менеджменті Жүйесі;
— ИСО 14001 — Экологиялық Менеджмент;
— ОХСАС 18001 — Өндірістік Қауіпсіздік және Еңбекті Қорғау;
— ИСО 50001 — Энергетикалық Менеджмент.

Бұл стандарттар «ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Интеграцияланған Менеджмент Жүйесінің негізі болып саналады және Компания жұмысына мүдделі тараптардың талаптарын қанағаттандырып, аталған бағыттар бойынша компания қызметінің жалпыға бірдей нормаларға сай екенін білдіреді.

Ақпарат үшін:
Ұйымдастырушы әрі жүлденің құрылтайшысы — Еуропалық сапаны басқару қоры (European Foundation for Quality Management, EFQM). Қор бизнестің тиімділігін арттырып, кемелділікке ұмтылған 750-ден астам серіктестің басын біріктіріп отыр.
«ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ «Танылған Кемелділік»
1-ші-деңгейдегі EFQM сертификатын 2013 жылы иеленді. Содан бері жыл сайын өз қызметін одан әрі жақсартуға тырысып келеді.