«ҚазТрансГаз» АҚ қытай банктерімен ірі кредиттік келісімге қол қойды

19.08.2015
«ҚазТрансГаз» АҚ қытай банктерімен 2028 жылға дейінгі мерзімге жалпы сомасы 2.5 млрд. АҚШ долларына синдикатталған қарыз тартуға арналған ірі кредиттік келісімге қол қойды. Қаржыландыруды ұйымдастырушылар ретінде «Қытайдың Даму Банкі Корпорациясы» және «Қытай Банкі» (Лондон қ.) (China Development Bank Corporation и Bank of China) сияқты қытайдың ірі қаржы институттары әрекет етті. Кредиттік қаражат тартудың негізгі мақсаты Қазақстанның батысындағы газды аудандардан елдің оңтүстік өңірлеріне қажетті көлемде газ беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырын салуды қаржыландыру болып табылады. Қазіргі уақытты «ҚазТрансГаз» АҚ кестеден оза отырып, «Бейнеу-Бозой» учаскесінің желілік бөлігін салуды аяқтауда. «Бейнеу-Шымкент» магистральдық газ құбыры Қазақстанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша іске асырылып отырған ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың бірі болып табылады. Сондықтан оның құрылысының ерекше стратегиялық мәні бар, өйткені пайдалануға енгізілгеннен кейін магистральдық газ құбыры айтарлықтай экономикалық пайда әкеледі, сондай-ақ республиканың аумағы бойынша газ транзитінің бағытын әртараптандыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты «Бейнеу-Бозой» магистральдық газ құбырын салуды аяқтауды жеделдету Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ үшін басым міндет болып отыр. «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Қайрат Шәріпбаев атап өткендей, қытай әріптестерімен жүргізілген күрделі және ұзақ келіссөздерден кейін қазақстандық тарапқа ең тиімді шарттармен ірі кредиттік ресурстарды тарту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Халықаралық банктік мекемелер және жалпы инвестициялық қауымдастық тарапынан Қазақстан Республикасында іске асырылатын жобаларды қаржыландыруға деген құлшыныс, біздің елге жоғары кредиттік сенім білдіру екенін растайды. «ҚазТрансГаз» — Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газды өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, сервистік қызметтер көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді. «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Баспасөз-қызметі Тел: 8-7172-552316