«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Еуропалық сапа менеджменті қорының (EFQM) «Танылған кемелділік» сертификатын иеленді

23.02.2015
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ  Еуропалық сапа менеджменті қорының (EFQM) «Танылған кемелділік» сертификатын иеленді

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ соңғы жылдарда сапаны, экологиялық аспектілерді және өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жөніндегі нәтижелі интеграцияланған жүйе құрып, мақсатты түрде халықаралық менеджмент стандарттарын енгізді. Біздің компания иеленген халықаралық сертификаттар осының айғағы болып табылады.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ осы жетістіктермен тоқтап қалмай, екі жыл бұрын Еуропалық Кемелдену Моделін әзірлеуді және енгізуді бастап кетті. Бідің компанияның өткен жылғы жетістіктері «Кемелдікке құлшыныс» (Committed to Excellence) бірінші-деңгейлі Еуропалық танымдылық марапатымен белгіленді. 2014 жылы басқаруға жаңа үрдістерді одан әрі дамыту жобасы жүзеге асырылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі ішкі бағалау жүргізген, Еуропалық сапа Қорының сараптамалық тобымен жоғары бағаланды.

Өткізілген бағалау қорытындысы бойынша 2015 жылдың 23, ақпанында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ «Танылған Кемелділік» 3-ші-деңгейдегі EFQM сертификатын салтанатты табыстау рәсімі өтті.

«Танылған Кемелділік» 3-ші-деңгейдегі EFQM сертификаты «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өз қызметтерінде Еуропада таралған басқару сапасының стандарттарына сай болуға ұмтылатынын растайды. Кәсіпорын Үздік еуропалық ұйымдардың Тізіліміне енгізілді.
EFQM Excellence Award (ЕЕА, Еуропалық Сапа Жүлдесі EFQM) — бизнестегі кемелділікке қол жеткізгені үшін берілетін ең беделді еуропалық марапат. Ол сапа саласындағы Еуропа елдерінің көптеген ұлттық және аймақтық марапаттар пирамиданың ең биігінде. Байқауға қатысатын ұйымдар үнемі өз алдына өз жұмыстарын, бизнес-процестерді, басқару жүйелерін ұдайы жақсарту және әлеуметтік жобаларды орындау мақсаттарын қояды.

Халықаралық Сапа Академиясының мүшесі, ҚРМСТ сапа менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі аудитор, профессор Азат Әбдірахманов EFQM арнайы өкілі ретінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры Ибулла Сердиевке сертификатты табыстады.«ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ сапа менеджментін бағалауды EFQM ассессорлары (сарапшылары) өткізді. Олар қормен әзірленген әдістемеге сәйкес он өлшем бойынша: көшбасшылық; стратегия; персонал; серіктестік және ресурстар; процесстер; өнімдер мен қызметтер; тұтынушыларға арналған нәтижелер; персоналға арналған нәтижелер; қоғамға арналған нәтижелер; бизнестің басты нәтижелері бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ және оның өндірістік филиалдарының жұмыстарын зерттеді және талдады. Сарапшылар компанияның тұрақты дамуға қол жеткізуге, тұтынушыларға өнімдер мен қызметтердің құндылығын арттыруға, барлық мүдделі тараптардың, ұйымдардың қанағаттануына бағытталған Іргелі (Негізгі) кемелдену тұжырымдамаларын енгізу нәтижелеріне аса көңіл бөлді.

Коммерциялық кәсіпорындар дәстүрлі түрде EFQM сертификаттарын иеленеді, алайда соңғы жылдары EFQM іскерлік кемелдену моделі көпшілік сектордың ұйымдарымен белсенді түрде қолданыла бастады. EFQM тарапынан өткізілген, ішкі тәуелсіз бағалау «ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ өз жұмысына жаңа көзқараспен қарауға, нағыз қуатты тұстарын байқауға, тиімді басқаруды арттыруға бағытталған резервтерді бағалауға мүмкіндік берді.

Ақпарат үшін: Еуропалық Сапа Менеджменті Қоры Еуропалық ұйымдардың басқару құралдарын құру, бәсекелестікке қабілеттігін арттыру мақсатында, AB Electrolux, British Telecommunications plc, Bull, Ciba-Geigy AG, C. Olivetti & C. SpA, Dassault Aviation,
Fiat Auto SpA, KLM, Nestlé, Philips, Renault, Robert Bosch, Sulzer AG,Volkswagen қоса, Еуропалық 14 жетекші кәсіпорын басшыларының бірлесуі нәтижесінде 20 жыл бұрын құрылған. Бұл бастама Еуропалық сапаны жылжыту Саясатын орындау шеңберінде Еуропалық Комиссиямен мақұлданды. Осылай EFQM Кемелдендіру Моделі әзірленді. EFQM Кемелдендіру Моделі — өнімділікті жақсарту үшін 30 000 астам ұйым пайдаланатын Еуропадағы танымал сапа құралы болып табылады. Ол өзін-өзі бағалауға және қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. EFQM мүшелерінің 84% расында Модельдің ұйымды жақсартуға мүмкіндік беретінін растайды. Қордың штаб-пәтері Брюссель қаласында орналасқан. Сертификаттың әрекет ету мерзімі — 2 жыл.
Еуропалық сапа басқару қоры (European Foundation for Quality Management, EFQM) марапаттауларды ұйымдастырушы және құрылтайшысы болып табылады. Қор әрқайсысы бизнесте кемелдікке қол жеткізуге және тиімділігін арттыруға ұмтылатын 750 астам түрлі еуропалық ұйыммен серіктестік қатынаста.

2011 жылдың соңында EFQM сарапшылары қызмет көлеміне, айналымына және саласына қатыссыз, ұйымның сапа саласындағы жетістіктерін тану жүйесін — Кемелдену-Деңгейлерін (Levels of Excellence) әзірледі. Еуропалық сапа марапаты — EFQM Кемелдену-Деңгейінің жоғары сатысы болып табылады.