Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі

Компанияның денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы Саясаты компанияның және басқа мүдделі тараптардың қызметкерлерінің денсаулығына қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерін және тәуекелдерді үздіксіз азайтуға, тұтынушыларды газбен жабдықтау және сервис қызметтерін көрсету саласындағы тиімділікті арттыруға бағытталған. Компания өзіне төмендегі міндеттерді қабылдайды:

  • ішкі нарықтағы қызметтерге қарай OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігінің менеджменті жүйесінің тиімділігі мен нәтижелілігін ұдайы арттыру;
  • денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігінің менеджменті жүйелерінің заңнама талаптарына, нормативтік талаптарға, сондай-ақ мүдделі тараптардың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
  • барлық мүдделі тараптармен денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзара қызметтестікті және хабардарлықты қамтамасыз ету;
  • денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы тәуекелділікті азайтуға қол жеткізу, сондай-ақ компания қызметкерлерінің денсаулығының нашарлауы мен жарақаттануының алдын алу;
  • денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы қызметтердің жоғары көрсеткішіне қол жеткізу;
  • бақылау әдістерін қолдану, нәтижелік түзету және алдын алу іс-әрекеттерін қабылдау.

Компания басшылығы денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы саясаттарды жүзеге асыруға, олардың сәйкестігіне, жарамдығына, қайта қаралуына жауапты болады.