«ҚазТрансГаз Аймақ»: Газдандыруға арналған техникалық шарттар тегін және онлайн беріледі!
06.01.2023
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ — газдандырылған барлық он төрт облыста және республикалық маңызы бар үш қалада газ тарату құбырларын пайдаланатын Қазақстан Республикасындағы газбен жабдықтаушы ірі компания.
Қазіргі таңда халықты газбен қамтамасыз ету жұмыстарын жақсарту мақсатында, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, өз тарапынан газдандыру үшін техникалық шарттарды (ТШ) алуды жеңілдетті.
Үйді газдандыру үшін, ең алдымен, техникалық шарттарды алу керек. Енді бұл оңай!
Техникалық шарттарды (ТШ) алуға өтінімді енді ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сайтында – www.ktga.kz (http://www.ktga.kz/video-instruction/) тұтынушының жеке кабинетінде онлайн беруге, сондай-ақ «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалдарының өңірлерде орналасқан мекенжайлары бойынша беруге болады. Өтінімді өңдегеннен кейін дайын техникалық шартты SMS түрінде алынған сілтеме бойынша жүктеуге болады.
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ техникалық шарттарын беру ақысыз негізде (тегін) жүзеге асырылады.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлері тарапынан тегін техникалық шарттарды беру үшін төлем талап етілген жағдайда, сондай-ақ, құқыққа қарсы және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің өзге де фактілеріне куә болсаңыз, мұндай жағдайлар туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бірыңғай байланыс орталығына 5169 нөмірі бойынша немесе +7 777 121 26 26 нөмірі бойынша Whatsapp/Telegram мессенджерлері арқылы міндетті түрде хабарлауды сұраймыз. (Қазақстан Республикасының аумағында қоңырау шалу тегін)