Газ мамандары: «Тұрмыстық газды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау - міндетті»
19.01.2023
Аяз тұрып, күннің күрт суытуынан соңғы уақытта жазатайым оқиғалар туралы хабарламалар жиілеп кетті.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның деректері бойынша жылыту маусымы басталғаннан бері 104 нөміріне оқыс оқиғалар туралы 40 хабарлама тіркелді, бұл оқи,ғаларда 80-нен астам адам зардап шеккен. Айта кетерлігі – оқиғалардың едәуір бөлігі қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты орын алған.
Газ тұтынушылары қандай қателіктерді жиі жібереді және жылыту маусымында қауіпсіздікті қалай сақтау керек?
Жазатайым оқиғалардың көпшілігінің себептері – мұржаның түтін тартпауы, желдету арналарының, терезелердің ашылмайтындай орналасуы, газ аспаптарында оқыс жағдай кезінде газды сөндіретін автоматиканың болмауы, газ аспаптарын қараусыз қалдыру, тұрақты техникалық қызмет көрсетуді елемеу.
Газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздікке деген мұндай немқұрайлы көзқарас кейде қайғылы салдарға әкеледі.
- ТҰНШЫҚТЫРҒЫШ ГАЗБЕН УЛАНУ
Соңғы жылдары орын алған оқиғалардың үштен бірінен астамы газдан улануға байланысты болды.
БІЛУ МАҢЫЗДЫ:
! тұншықтырғыш газ көзге көрінбейді және иісі жоқ, оны сезіну мүмкін емес.
! Сонымен қатар, ол уландырғыш: ересек адам СО-мен үш рет тыныс алса болды, соңы өлімге апарады.
Тұншықтырғыш газбен улануды қалай болдырмауға болады?
- Газ плитасы жұмыс істеп тұрған кезде желдеткіш ашық болуы керек. Таза ауа жеткіліксіз болған кезде көміртегі тотығы бөлініп, табиғи газ толық жанбайды.
- Мұржа мен желдеткіштің қалыпты жұмысын бақылау, газ жабдығы қосылғанға дейін және жұмыс істеп тұрған кезде мұржаның тартылуын тексеру қажет.
- Газ қазандықтарының түтін арналарындағы түтіннің тартылуын тексеру үшін қазандықтың терезесіне немесе желдеткіш саңылауына жұқа қағазды жақындатыңыз. Егер қағаз тартылса, түтіннің тартылуы бар.
- Газ қазандықтардағы түтін арналарының жағдайына ерекше назар аудару, оларды тазарту, жылуды сақтау жұмыстарын жүргізу қажет.
- Газ жабдығын мақсатсыз пайдалануға (газ плиталарын жылыну үшін пайдалануға) және оны ұйықтауға арналған үй-жайларға орнатуға қатаң тыйым салынады.
- ГАЗ-АУА ҚОСПАСЫНЫҢ ЖАРЫЛЫСЫ
Газ-ауа қоспасының жарылысы сирек кездеседі, бірақ қауіпті.
Табиғи газ (метан) түссіз, оның шығып жатқанын байқау мүмкін емес. Газдың негізгі қауіптілігі – газдың жарылғыш болуы. Газдың өзі жанбаса да, үй-жайларда оттегі бар белгілі бір концентрацияда жиналса, шамалы ұшқынның пайда болуы – тұтануға немесе жарылуға (жарылысқа) әкеледі.
Өзіңізді қалай қорғауға болады?
- Үй-жайда газдың иісі байқалған кезде жабдыққа дейінгі және жабдықтың өзіндегі крандарды дереу жабу, терезелер мен есіктерді ашу, желдету, сіріңке жақпау, темекі шекпеу, электр аспаптарын қоспау және өшіру, 104 телефоны бойынша авариялық қызметті шақырту қажет.
- Газ пайдаланатын жабдыққа газ беруді автоматты түрде өшіруге арналған газ дабыл қаққыштарын (сигнализатор) орнату.
- Үйішілік газ құбырлары мен газ аспаптарына уақтылы техникалық қызмет көрсетуді жүргізу.
Статистикаға сәйкес, өрттің, жарылыстардың, тұншықтырғыш газбен уланудың 90%-ы газ жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты.
Жазатайым оқиғалардың 10%-ы:
– жабдықты өз бетінше қосу немесе орнын ауыстыру, сондай-ақ сапасыз, оның ішінде күмәнді өндірілген (қолдан жасалған) газ жабдығын пайдалану салдарынан орын алады.
Тек 2023 жылдың 3 аптасында Түркістан облысында қолдан жасалған газ қазандықтарының 4 жарылу жағдайы тіркелді. Сондай-ақ, қолдан жасалған қазандықтардың қатып қалып, жылыту жүйелеріндегі судың қатып қалатын жағдайлары бар. Мұндайда қазандықтың қабырғалары жоғары бу қысымымен жарылып кетеді.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ:
- Ұзақ уақыт жұмыс істемей тұрған жылыту қазандықтарын қайта іске қосқан кезде жылытқыштың айналымын тексеру қажет.
- ҚР аумағында газ жабдықтарын өз бетінше орнатуға, сондай-ақ сертификатталмаған газ жабдықтарын пайдалануға тыйым салынады!
- Газға қатысты жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін тұрмыстық газды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін және газ жабдықтарын пайдалану ережелерін қатаң сақтау қажет.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ
Қоғаммен байланыс және ИМЖ департаменті
Тел: 8 (7172) 55 89 60, і.н.:1400, 1401