Алматы өндірістік филиалы

Филиалдың мекен-жайы:: 050040, Алматы қ-сы, Байзақов к-сі, 280, Almaty Towers БО, оңтүстік мұнара, 17 қабат

Қабылдау бөлмесі: 8 (727) 331-70-10
Канцелярия 8 (727) 331-70-03
Эл. почта: K.Abylkasimova@ktga.kz
Директор –
Директордың бірінші орынбасары – Омарбеков Шалқар Мұратұлы

Филиал қызметі құбырлар мен тарату желілері арқылы газ тасымалдау, газ құбырларын пайдалану және Алматы қаласының тұрғындары мен көтерме тұтынушыларына табиғи газ жеткізумен байланысты.  Филиалдың басты бағыттарының бірі газ тасымалдау жүйесін қайта жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру болып табылады.

2016 Құрылған жылы
1 Абоненттік бөлімдер саны
8 Алматы қаласындағы аудандар саны
65 Қызметкерлер саны
856 309 Абонеттер саны (заңды тұлғалар, ұжымдық және жеке сектор)
5 412 км Құбырлардың ұзындығы
1 616 265 475 м3 2020 ж. тасымалдау көлемі
1 813 Газ тарату шкафтарының саны

 


 

Алматы қаласында сұйытылған газды баллонда тасу, газбен жұмыс істейтін аспаптарға жауапкершілікпен қарауды талап еткенде, Қазақстандағы газ шаруашылығының құрылуы және оны басқаруды ұйымдастыру 1958 жыл болып есептелінеді. Сол кезде газ аспаптарына профилактикалық жұмыстарды жүргізетін, жөндеумен айналысатын Алматы қаласындағы бірінші газ шаруашылығы құрылған, сондай-ақ сұйытылған газды тұтынушыларға жеткізуге, қабылдауға, сақтауға және сатуға арналған газ толтыру станциясы пайдалануға (ГТП) берілген.

Алматы қаласында құрылыстың қарқынды дамуымен, нақтырақ айтқанда, 1960 жылы газ шаруашылығы жылдам дами бастады. 1969 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінде Газ шаруашылының бас басқармасы ұйымдастырылды (Қазбасгаз), оған газ шаруашылығының обьектілерін жобалау, оның құрылысына және пайдалануға басшылық ету, сондай-ақ қалаларды, аудан орталықтарын және қала үлгісіндегі кенттерді газбен жабдықтау және газдандыру бойынша мәселелер жүктелген. Газдандырылған обьектілер санының өсуіне қарай, Алматыға Ташкент-Фрунзе арқылы бұқара газды ауданынан табиғи газды тасымалдауға магистральдық газ құбырларының құрылысы туралы шешім қабылдау қажеттілігі туындады.1971 жылдың басында Алматы қаласына жүргізілген магистральдық газ құбырларының соңғы учаскесі пайдалануға тапсырылды және сол жылғы ақпанда Заря-Восток кентіндегі 1-ГТС-те табиғи газдың шырағы алғаш рет жағылды.Сол уақыттан бастап ірі обьектілер мен көп пәтерлі үйлерді ғана емес, сонымен қатар қаланың жеке секторларының үйлерінде табиғи газбен қарқынды газдандыру басталды. Сол уақыттан бастап Алматы қаласын табиғи және сұйытылған газбен жабдықтау қарастырылған.

1999 жылдың 11 мамырында «Алматыинтергаз» ААҚ ұйымдастырылған, оның негізгі қызметі – сауда-сатып алу. Сонымен қатар, компания табиғи газдың сыртқы және үй ішіндегі газ құбырларын, ондағы имараттарды, үй ішіндегі газ жабдықтарын апатсыз және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етті және жеткізілген табиғи газ үшін тұтынушылардан қаржы жинауды жүзеге асырды.

2001 жылдың мамырында газ өндіру-газ жеткізу, газбен қамтамасыз ету жүйесінде теңгерімге қол жеткізу мақсатында, «Газбен жабдықтау саласын монополиясыздандыруды негізгі мақсатқа алатын бірқатар ережелерді қамтитын электр энергетика саласында нормативтік-құқыққтық актілерді бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсанындағы №1822 Қаулысы қабылданды.Осы рәсімді жүзе асыру табиғи газды өндіретін, тасымалдайтын және жеткізетін газбен жабдықтау компанияларының қызметін шектеуді көздеді. Осыған байланысты, «Алматыинтергаз» ААҚ қайта құрылымдауға ұшырады, нәтижесінде тасымалдау және абоненттік жұмыстар бойынша қызметтері жаңадан құрылған екі компанияға берілді:

«Алматы газ жүйелері» ЖАҚ – «Алматыинтергаз» ААҚ жеткізген табиғи газды қала ішіндегі газ құбырларының жүйелерімен тарату.

«Алматыинтергаз» Абоненттік есептеу орталығы» ЖАҚ – жеткізген табиғи газ үшін тұтынушылардан қаражатты жинауды ұйымдастыру және оған бақылау жасау.

 

Алматы қаласының тұтынушыларына табиғи газды оңтайлы жеткізу мақсатында 2006 жылдың тамыз айында «ҚазТрансГаз» АҚ «Алматыгаз» АҚ-ң 100 пайыз акциясына ие болды. «Алматыгаз» копаниясы атауының «ҚазТрансГаз» АҚ болып қайта аталуы мәміленің сәтті аяқталуына себепкер болды. Қайта ұйымдастыру себебінен, 2016 жылы «ҚазТрансГаз-Алматы» АҚ «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қосылу арқылы, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниясы Алматы өндірістік филиалы (бұдан әрі -мәтін бойынша Филиал) болып қайта құрылды.

Филиалдың негізгі мақсаты қаланы газбен жабдықтауды қамтамасыз ету және қаланың газдандырылған обьектілерін болашақта көбейте отырып Алматы қаласын үздіксіз және апатсыз газбен жабдықтауды үйлестіру болып табылады. Компанияның қызметі құбырлар және газ тарату жүйелері бойынша газды тасымалдауды қамтамасыз етумен, газ құбырларын пайдаланумен және табиғи газды халыққа және Алматы қаласының көтерме бағамен сатып алатын тұтынушыларына сатумен байланысты. Филиал қызметінің басымдық бағыты газды тасымалдау жүйесінің обьектілерін қайта қалпына келтіру және техникалық қайта жабдықтау болып табылады.

Компания туралы ақпарат 
Заңды тұлғаларға арналған құжаттар
Жеке тұлғаларға арналған құжаттар
Газдандыру алгоритмі