Компания басшылығы
МАҚСҰТ ХАКІМ ҚАЙРГЕЛДІҰЛЫ
Бас директоры (Басқарма Төрағасы)
1978 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.
Білімі: Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті. Мамандығы: «Мұнайгаз құбырлары мен мұнайгаз қоймаларының құрылысы, жобалау және пайдалану».
Хьюстон Университеті. Мамандығы «Master of Business Administration».
Жұмыс тәжірибесі:
2003 жыл – Chevron халықаралық компаниясында инженер (Хьюстон, АҚШ).
2004-2005 жылдары – AGIP KKО халықаралық компаниясында инженер және үйлестіруші (Лондон, Великобритания).
2005-2007 жылдары – Тоталь компаниясында үйлестіруші (Париж, Франция).
2007-2015 жылдары – «Қазақ-Қытай құбыржолы» ЖШС коммерциялық директоры, Бас директордың орынбасары.
2015-2016 жылдары – «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының күрделі құрылыс және күрделі жөндеу жөніндегі орынбасары.
2016-2017 жылдары – «КазСтройСервис» АҚ даму жөніндегі басшысы.
2017-2018 жылдары – «Лукойл ЛЦА» ЖШС Атқарушы директоры.
2019-2021 жылдары – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС Бас директорының кеңесшісі.
2021-2022 жылдары – «Жолаушылар тасымалы» АҚ Атқарушы директоры.
2022 жылдың сәуірінде «ҚазТрансГаз Аймак» АҚ Бас директоры (Басқарма Төрағасы) болып тағайындалды.
ӘЛИЕВ БАЙТАҚ ЖАЛҒАСҰЛЫ
«ҚазТрансГаз Аймак» АҚ Бас директорының орынбасары (Басқарма мүшесі)
1964 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Білімі:
Ақтөбе байланыс электротехникумы, мамандығы: «Байланыс технигі»;
И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ институты, мамандығы: «Газ-мұнай құбырларын, газ қоймаларын және мұнай базаларын жобалау және пайдалануға енгізу».
РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясы, ғылыми дәреже: экономика ғылымдарының кандидаты.
Жұмыс тәжірибесі:
1983 ж. – «Оралтрансгаз» ӨБ Арал желілік-өндірістік басқармасы «Бозой» компрессорлық станциясы компрессорлық цехының турбокомпрессор машинисі.
1991-1993 жж. – «Оралтрансгаз» ӨБ Арал желілік-өндірістік басқармасы «Бозой» компрессорлық станциясы турбокомпрессорлық цехының диспетчері, инженері, бастығы.
1993-1995 жж. – «Қазақгаз» МХК газ тасымалы басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, басқарма басшысының орынбасары.
1995-1997 жж. – «Батыстрансгаз» АҚ компрессорлық станцияларды пайдалану мен жөндеу бойынша басқарма бастығының орынбасары.
1997-1998 жж. – «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ компрессорлық станцияларды пайдалану мен жөндеу бойынша газ тасымалы басқармасы бастығының орынбасары.
1998-2002 жж. – «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ «Атырау» МГБ менеджері, директорының орынбасары, директоры.
2002-2009 жж. – «Интергаз Орталық Азия» АҚ күрделі құрылыс және жөндеу департаментінің директоры.
2009-2015 жж. – «Интергаз Орталық Азия» АҚ техникалық директоры, бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары.
2015 ж. – «Интергаз Орталық Азия» АҚ басқарушы директоры.
2015-2018 жж. – «Азиялық газ құбыры» ЖШС Бас директорының орынбасары-жобаларды басқару тобы жетекшісінің орынбасары, бас директорының орынбасары.
2018-2020 жж. – «Астана Газ ҚМГ» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары.
2022 жылдың мамыр айында «ҚазТрансГаз Аймак» АҚ Бас директорының орынбасары болып тағайындалды.
ШАЛОВ ШОТА ИГІБАЙҰЛЫ
«ҚазТрансГаз Аймак» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі:
Қазақ – Америкалық университеті,
мамандығы: заңгер.
Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық университеті,
мамандығы: «Мұнай және газ кен орындарын игеру», тау-кен инженері.
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономика және қаржы институты,
мамандығы: «Банк істері», қаржыгер.
Жұмыс тәжірибесі:
2001 ж. – «SaiPar Drilling Company», қауіпсіздікті сақтау жөніндегі маман;
2001-2004 ж.ж. – «Карачаганак Петролеум Оператинг» Б.В. компаниясы, техникалық аудармашы, шикі газды өндіру қондырғысының операторы;
2004-2006 ж.ж. – «КазТрансГаз» АҚ, сыртқы экономикалық байланыс жөніндегі департаменттің бас менеджері;
2006-2008 ж.ж. – «Интергаз Орталық Азия» АҚ, сыртқы экономикалық байланыс жөніндегі департаменттің бас менеджері, департамент директоры;
2008-2009 ж.ж. – «КазТрансГаз» АҚ, сыртқы экономикалық байланыс жөніндегі департаменттің директоры;
2009-2013 ж.ж. – «Амангелді Газ» ЖШС, Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, Бас директоры;
2013-2014 ж.ж. – «Қарашығанақ КМГ» ЖШС, маркетинг және тасымалдау департаментінің сарапшысы, кеңесші;
2014-2016 ж.ж. – «КазТрансГаз» АҚ Бас директорының кеңесшісі, газ өндіру департаментінің директоры;
2016-2018 ж.ж. – «Белый свет» ЖШС атқарушы директоры;
2018-2019 ж.ж. – «Alpha Technologies» ЖШС коммерциялық директоры;
2019-2022 ж.ж. – «АстанаГаз КМГ» АҚ, техникалық құжаттарды бақылау жөніндегі департамент директорының орынбасары, департамент директоры, бюджеттік жоспарлау және экономикалық сараптау департаментінің директоры;
2022 ж., маусым – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Астана өндірістік филиалының директоры;
2022 жылғы 6 желтоқсаннан бастап «ҚазТрансГаз Аймақ»АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
ЖИЕНБЕКОВ ЖАСҰЛАН МҰХТАРҰЛЫ
Заң департаментінің директоры (Басқарма мүшесі)
— 1985 жылдың 13 ақпанында Шымкент қаласында туған.
Білімі:
— Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры (2007), Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, юриспруденция бакалавры (2010), WARWICK UNIVERSITY, мемлекеттік саясат магистрі (2014).
Жұмыс тәжірибесі:
— Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі департаментінің жетекші маманы, сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы (2007-2017);
— 2017 жылдың 3 сәуірінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Заң департаментінің директоры болып тағайындалды.